Лас-Вегастағы атыстан қаза тапқандар саны артты

/uploads/thumbnail/20171003084902554_small.jpg

Лас-Вегастағы атыстан қаза тапқандар саны 58 адамға жетті. Ал жараланғандар саны 515-ке жетіп отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Associated Press-ке сілтеме  жасап хабарлады.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға Лас-Вегастағы ең үлкен казиноның бірі Мандалей Бэйде болған еді. Деректер бойынша сол жерде орналасқан «Мандэлэй Бэй» қонақ үйінің 32-қабатынан белгісіз біреу музыкалық фестивальге жиналған қала қонақтары мен тұрғындарға оқ жаудырған. Қаскөйдің 64 жастағы Стивен Пэддок есімді жергілікті тұрғын екені анықталды. Тәртіп сақшылары дер кезінде оның көзін жойды. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов оқыс оқиғадан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады.

Қатысты Мақалалар