Нью-Йорк билігі қаладағы ескі көпірді жарып жіберді (видео)

/uploads/thumbnail/20171003090353883_small.jpg

Нью Йорк билік көпір жарылыс Тадеуш Костюшко Нью-Йорк билігі  Бруклин мен Куинс арасын жалғап тұрған ескі көпірді жарып жіберді. Тадеуш Костюшко атындағы бұл стратегиялық нысан  халыққа  77 жыл қызмет еткен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.

Енді оның жанынан жаңа көпір бой көтереді. Бұл жергілікті биліктің ескі нысандарды жаңалау жобасы бойынша іске асты. Құрылыстың жалпы құны 873 миллион долларды құрайды. Ал жаңашылдықты айшықтайтын нысан 2019 жылы салынып бітуі тиіс. Жоспар бойынша енді Бруклин мен Куинс арасындағы көпірдің бір бағытында 5 жолақ болады. Сонымен қатар Манхэттеннің әсем көрінісін тамашалаймын дегендерге жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған. Тадеуш Костюшко атын сақтап қалатын көпір тәулігіне 200 мың автокөлікті өткізеді деп жоспарланып отыр. Ал ескісі тек 10 мыңмен шектелетін еді. 

Қатысты Мақалалар