ДАИШ террорлық ұйымы немесе «Ислам мемлекеті» (Қазақстан, Ресей және басқа да мемлекеттерде тыйым салынған) 1 қазанда болған Лас-Вегастағы оқиғаға байланысты пікірін білдірді,- деп хабардайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Lenta.ru сайты бақылауда ұсталатын «Амак» ақпараттық агенттігіне сүйене отырып мәлімет берген еді.
ДАИШ жауынгерлері кешегі жаппай атысты жүзеге асырған Стивен Пэддоктың жауынгерлік лақап аты Абу Абд аль-Барр ол «Халифаттың әскері» және «ДАИШ тапсырмасын орындаушы» деген хабар таратты. Абу Бакра аль-Багдади «крестке табынушыларға» оқ атты. Террористердің айтуынша, кешегі оқиғада 600-ге жуық адамның біршамасы өлтіріліп, көбі жарақаттанды. Бұл мәлімет жақын Батыста шоғырланған террористердің «Directorate» 4 Telegram-каналында жарияланды. Оған қоса, «Амактың» айтуынша, бұдан бірер ай бұрын Пэддок ислам дінін қабылдаған. Бұл теракт ДАИШ-қа қарсылық жасап отырған мемлекеттерден кек қайтару мақсатындағы жауап болып отыр.

Алайда АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы Лас-Вегастағы қайғылы оқиғаның ДАИШ-пен еш қатысы жоқ деп отыр. Олардың айтуынша тергеу әлі жалғасуда. Ал Орталық барлау басқармасы ДАИШ-тың мәлімдемесін негізге алуды ескертіп, әлі ешқандай асығыс мәлімдеме жасамауды сұрады.
Осы уақыт аралығында батыстың БАҚ құралдары Педдоктың өмір баянын зерттеп, оның ең қауіпті банк тонушысының ұлы екендігін айқындады. Washington Post –тың хабарлауынша Стивеннің әкесі Бенджамин Хоскинс Пэддок 1969 жылы Федералды тергеу бюросы іздеу салған қылмыскер. Ол өзінің 20 жылын түрмеде өткізген. Бенджаминді «психикалық ауытқулары» бар, суицидке бара алатын қылмыскер деп таныған.