Тоңазытқыштан өлі күйінде табылған егіздердің ағасы жұқпалы ауруға шалдықты

/uploads/thumbnail/20171003092120282_small.jpg

Алматыда жалдамалы пәтерде тоңазытқыш ішінен екі егіз баланың мәйіті  табылған болатын. Осы екі егіз баланың туған бауыры 3 жастағы Равиль есімді бүлдіршін Алматы көшелерінен табылған. Оны 3 тәулік бойы дала кезіп жүрген жерінен тауып алған. Қазіргі уақытта бала инфекциялық ауруханада жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы Арнасы-на сілтеме жасап.

Айта кетейік, 29 жастағы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко өздерінің егіз балаларын өлтірді деп айыпталған болатын. Өзбекстаннан балалардың мәйітін алып кетуіге келген балалардың аталары үлкен немересімен жолықпаған. Осыған байланысты оны балалар үйіне беруі мүмкін.

Марқұм балалардың ағасына сальмонеллез диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол ем-дом қабылдап жатыр, жағдайы жаман емес.

Мына сүйретте екі егіз бала мен олардың үлкен бауырлары Равиль.

Қатысты Мақалалар