Ақша таба алмайтын ер адамдардың 10 түрі

/uploads/thumbnail/20171003093354803_small.jpg

Ақша табу, көл-көсір байлыққа кенелу әрбір ер азаматтың ең басты арманы. Дегенмен, көптеген ер адамдар құлшынғанымен, сәтсіздікке жолығып жатады. Ал шындығында ақша табудың өзі ер-азаматтардың мінез-құлқына байланысы болып жататыны тағы белгілі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Ihsan.kz мәліметіне сүйеніп. Ендеше, ақша таба алмайтын ер адамдарға тоқталайық. 

Жаңалық ашуға талпынбайтын, тәуекел бара алмайтын, батылдығы аз ер адамдар.
Ел сөзіне оңай иланғыш, өзіндік ойлау тәсілі жоқ, жұрт сөзіне ере кеткіш ер адамдар.
Жанын қинамай, оңай олжаға батуды ойлайтын жалқау ер адамдар.
Басқалардың талғамын сарапқа салып, дұрыс айтылған ақылды қабылдамайтын, өзіндік жоспар, жобасы жоқ, менменшіл ер адамдар.
Арақ-шарапқа, той-томалақ, қонағасыларды сағалап жүретін, сауықшыл ер адамдар.
Өз отбасындағы шағын істерге кесім жасай алмайтын, отбасында өзіндік орны жоқ ер адамдар.
Шектен тыс атаққұмар, бет-беделшіл, еңбек етуді өзіне сөлекет сезінетін ер адамдар.
Біреуге сенбейтін, көзі тар, қызғаншақ, аса күмәншіл ер адамдар.
Орынсыз уәде бергіш, сөйте тұра айтқанын орындамайтын, табансыз, тұрлаусыз ер адамдар.
Отбасындағы бар ақшасын орынды жұмсауды білмейтін, ертесіне өз-өзіне есеп бере алмайтын ер адамдар.

Қатысты Мақалалар