Алматыдағы цирк маңында 1 адам қаза тауып, 3-і ауруханаға жеткізілді

/uploads/thumbnail/20171003094328935_small.jpg

Алматыдағы цирк маңында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 3-і ауруханаға жеткізілді,- деп хабардайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 2 қазанда түнгі сағат 22.00-де Абай даңғылының батыс бағытында циркке қарама қарсы жерде болған.

Toyota Camry көлігін мінген жүргізуші Абай даңғылының батыс бағыты бойынша, Мұқанов көшесіне жетпей, белгісіз себептермен көлікті басқара алмай бағанаға соғысып қалған.

Көліктің ішінде 4 адам болған. Оның 3-і ауруханаға жеткізілсе, 22 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болған.

Қатысты Мақалалар