Навальный қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20171003095509689_small.jpg

Мәскеудің Симоновск соты блогер Алексей Навальныйды митингке қатысуға шақырғаны үшін 20 тәулікке қамауға алды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Сот Алексей Навальныйды митингті ұйымдастырудағы ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп тапты. Жаза бойынша 300 мың рубль айыппұл, 200 сағат міндетті жұмыстар немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы тиіс.

Навальныйды өткен жұмада келісілмеген іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін ұстаған. Алайда әкімшілік протокол негізінде оны полиция бөлімшесінен босатып, 2 қазанда сотқа келуге міндеттеген болатын. Сонымен соттың шешімі бойынша, Навальный айыпты деп танылды.

 

Қатысты Мақалалар