Өз шашын өзі қиюға шариғат рұқсат бере ме?

/uploads/thumbnail/20171003095657371_small.jpg

Ер болсын, әйел болсын шариғатта шаш қиюға тыйым жоқ. Оған дəлел ретінде Муслимде келген Абу Хурайра (р.а.) жеткізген хадисін айтсақ болады. Ол хадисте: «Пайғамбарымыздың жұбайлары шаштарын қысқартатын еді» делінген. Бул хадиске тусініктеме берген ислам ғұламасы имам Нәуәуи (р.а.): «Бұл хадис әйелдердің шашын аздап қысқартуына рұқсат екеніне дәлел», - деп айтқан. Сол секілді әйел кісілер өз шашын өзі қиюына да болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Muslim.kz мәліметіне сүйеніп.

Ескере кететін нəрсе: əйелге төрт жағдайда шашын қиюға болмайды.

1) Əйелге ерлер секілді тым қысқа етіп шашын қиюға. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) əйелдердің ер адамға ұқсауына тыйым салған.  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қиямет күнінде Алла назар аудармайтын үш кісі бар. Олар: Ата-ананы құрметтемейтіндер, еркекке ұқсауға тырысатын әйелдер  және өз жарын қызғанбайтын еркектер» деген.

2) Шашын бөгде ерлерге көрсету үшін;

3) Шашын бөтен ерлерге қысқартуға;

4) Күйеуінің рұқсатынсыз қысқартуға.

Қатысты Мақалалар