Google және Facebook Лас-Вегастағы жағдайға қатысты жалған ақпарат таратқан

/uploads/thumbnail/20171003100418422_small.jpg

Лас-Вегастағы қанды қырғыннан жаңалық алу үшін мыңдаған адам Google мен Facebook-ке жүгінген болатын. Олар оқиға орнындағы өз туысқандары мен таныстарының халін білу үшін алған ақпараттарының кейбірі жалған болып шықты,- деп хабардайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай әсіресе «4chan» деген форумда жиірек орын алған, себебі онда қолданушылар анонимді түрде ойына келген ақпаратты тарата алады.

Жалған ақпарат ғаламторда өте тез тарап кетті.

Мәселен, «Gateway Pundit» ақпараттық сайты қылмысты жасап отырған Рейчел Маддоудың және Трампқа қарсы топтардың әрекеті. Вебсайт бұл ақпараттың жалған екендігін аңғарған сәтте жаңалықты өшіріп тастаған.

Одан басқа вебсайттар да ұқсас ақрпарат таратумен болған және Google бұл мәліметтерді табуға жағдай жасаған. Google-ден жалған ақпаратқа қатысы бар деген адам аттары мен мәліметтерді іздегенде олар бас тақырыптардың бірінде болған.

 

Қатысты Мақалалар