Түркі кеңесі — түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван қаласында құрылғын. Нахчыван келісіміне қол қойылған 3 қазан түркі әлемінде жыл сайын түркі халықтарының ынтымақтастығы күні ретінде аталып келеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжанның Нахчыван қаласында 2009 жылғы 3 қазанда түркітілдес елдер мемлекет басшыларының IX саммитінде Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғыз Республикасының президенттері тарихи Нахчыван құжатына қол қойды. Сол күннен бастап түркі әлемі интеграциясы жаңа бір белеске көтерілді. Аталған келісім нәтижесінде тарихта алғаш рет бауырлас төрт ел Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі атты халықаралық ұйым құрды. Осыдан соң ТүркПА, Халықаралық Түркі академиясы дүниеге келді. Ал ТҮРКСОЙ жаңа серпінмен жұмыс істей бастады.
Айта кетсек, 1992 жылдан бастап Түрік тілдес мемлекеттердің Саммиті өткізіледі. 2009 жылы 3 қазанда Нахчыван келісіміне қол қойылды. Ұйым орталығы Ыстанбұлда орналасқан.
Айта кету керек, ҚР Президенті Н.Назарбаев түркітілдес халықтарының ІХ саммитінде түркі әлемінің бүгіні, ертеңі және болашағын зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми орталықты құру ұсынысын жасады. Қазақстан Президенті сондай-ақ экономиканы, экологиялық қауіпсіздікті, мәдени-гуманитарлық салаларды дамытуда ынтымақтастықтың анағұрлым перспективалық бағыттарын айқындап берді.
«Түркі кеңесі экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Өзара ынтымақтастық пен бірліктің артуы «Түркі әлемі» атты ортақ брэндті жер-жаһанға танытып отыр», - деген болатын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің үшінші саммитінде.