Алматы әкімдігі оқушыларды кітаппен қамтуға 2, 658 млрд теңге бөлді

/uploads/thumbnail/20170817174354572_small.jpg

Алматыда оқулықтарды сатып алуға 2017 жылы жергілікті бюджеттен 2 млрд 658 млн теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында «Мектепте ақша жинау мәселесі» тақырыбында өткен брифингте қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ата-аналарды толғандыратын мәселенің бірі - оқулық. Биылғы жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға жергілікті бюджет есебінен 2 млрд 658 млн теңге бөлінді. Мектептегі 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар 100 пайыз тегін оқулықпен қамтамасыз етіледі. Жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты 2-інші, 5-інші және 7-інші сынып оқушылары үшін жаңа оқулықтар басылып шықты. 1-сынып оқушыларының жазу дәптерлері толық жаңартылып, тегін беріледі»,- деді Ләззат Жылқыбаева. 

Білім басқармасы басшысының айтуынша, ата-аналар үшін өзекті мәселенің бірі - ақылы сынақ тестілеулер.

«Сынақ тестілеулер мектептерде ақылы өтетіні туралы арыз-шағымдардың түсуіне байланысты, 2017 жылға сынақ тестілеуді екі рет өткізу үшін жергілікті бюджеттен 94 млн теңге бөлінді. 4-11 сыныптарға 2017 жылдан бастап байқау тестілеуі тегін өткізіледі», - деді ол.  

Ләззәт Жылқыбаева білім басқарасының қатаң бақылауында тұрған мәселенің бірі 1-ші сыныпқа оқушы қабылдау екенін айтты.

«Оқу жылының басында барлық мектеп директорларына 1-ші сыныпқа оқушы қабылдау үшін тестілеуден өткізу, әңгімелесу, бақылау, емтихан алуға қатаң тыйым салынғаны ескертілді. 1-ші сыныпқа баласы баратын ата-аналар үшін баланың мектепке қалай қабылданатыны туралы ақпарттық-түсіндірме құжаттар сайттарға, мектептерге ілінді. Баланы мектепке онлайн қабылдау шарасы Алматыда алғаш рет 2015 жылы Жетісу ауданында жүргізілді. 2016 жылы Бостандық, Түркісіб ауданында онлайн қабылданса, 2017 жылы 1-ші сыныпқа қабылдау алматының барлық мектептерінде онлайн жүргізілді»,- деді Ләззат Жылқыбаева.

Айта кетейік, Алматы қаласының Білім басқармасы мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынғанын ескертіп, ата-аналар комитетінің тиімділі басқарманың күн тәртібінде тұрғанын мәлімдеген болатын.

«Жалпы, тегін оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі республика бойынша 96,4 %-ды құрайды», - деп мәлімдеген болатын А.Сәрінжіпов.
 
Оның айтуынша, оқушыларды 2014-2015 оқу жылына тегін оқу құралдарымен қамту оқулықтарды қайта шығарудың төрт жылдық айналымына сәйкес жыл сайынғы кезеңдік оқу құралын сатып алумен жүзеге асырылады.
 
«Бүгінгі таңда Астана, Алматы қалаларында оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етілген. Қалған өңірлерде оқулық жетіспейді», - дейді.

Сонымен қатар, 2011 жылдың 24 қазанындағы «Білім беру туралы» заңына енгізілген түзетулер мен білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай 2012 жылдан бастап барлық оқушыларды тегін кітаппен қамту қарастырылған.

Қатысты Мақалалар