Германия астанасы маңындағы Шенеберг ауданында Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіне тиесілі снаряд табылғаннан кейін жарылғыш затты істен шығару үшін 10 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tagesspiegel мәліметіне сүйеніп.
Бомба 2 қазан күні сағат 11.30 шамасында Вильмерсдорф темір жол стансасы маңында құрылыс жұмыстары барысында табылды.
Салмағы 250 келі болатын жарылғыш зат ескі темір жол рельстерінің астында жатқан. Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді 17:20 шамасында бастаған.
Сонымен қатар, аталмыш ауданда көлік қозғалысы да тоқтатылған.