Алматыда Қытайдан контрабандамен әкелінген тауар тәркіленді

/uploads/thumbnail/20171003131243180_small.jpg

Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері «астарлы экономикамен» күрес акциясының аясында Қытайдан Қазақстанға контрабандамен тауар әкелінгенін анықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап. Ол тауарлар екі қазақстандық кәсіпорынға жеткізілуі қажет болған.

«Тауардың салмағы 52 тоннаны құрады. Мамандардың қорытындысына сай, тауардың бағасы 65 миллион теңге тұрады. Олар: ер адамдарға арналған көйлек – 2692 тал, шалбар – 816 тал, күртеше – 4832 тал, жылы куртка – 480 тал және т.б тауар кездеседі» делінген департамент хабарламасында.

Қазір экономикалық контрабанда бойынша, тергеу жұмыстары басталды.

Қатысты Мақалалар