Сирияда Қазақстаннан шыққан террорист Абу Ислям аль-Казаки көз жұмды

/uploads/thumbnail/20171003132823517_small.jpg

Ресейдің аэроғарыштық күштері жалпы алғанда Сирияда ДАИШ-тың 304 жауынгерін мерт қылды,- деп хабардайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

304 жауынгердің барлығы Евраттың батыс жағалауындағы жарылғыштармен атқылаудың нәтижесінде қаза тапқан, ал 170-і жарақат алған.

Қаза тапқандардың ішінде ДАИШ-тың әр түрлі дәрежедегі  7 әскери қолбасшысы мен Қазақстаннан шыққан Абу Ислям аль-Казаки деген Еврат аумағындағы ДАИШ-тың шабуыл әрекеттерін үйлестірушісі де болған.

Әуе шабуылдары кезінде шетелдік жалдамалы террористерді  жинау және оқыту орталығы жойылды. Оған қоса Солтүстік Кавказдан келген террорист 40 жауынгер мен мобильдік  атқыштар тобы жойылды.

Оған қоса: үш топтық бөлімше, тоғыз террористік бекет, сегіз танк, үш артиллериялық орнықтама және 17  үлкен калибрлі қару жойылған.

Қатысты Мақалалар