Қазақ-Қытай шекарасы уақытша жабылады

/uploads/thumbnail/20171003132912599_small.jpg

Қытай Халық Республикасында білім күні тойлануына байланысты Қытай Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты. Ақпаратты қаржы министрі Бақыт Сұлтановта растады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қаржы министріне ел шекарасында жаңа электронды жүйе енгізу туралы сауал қойған еді.

“Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз бірінші қазаннан бастап “Астана-1” ақпараттық жүйесінің алғашқы бөлігін енгіздік. “Электронды шекара” деп аталатын шартты атаумен республика бойынша енді бүкіл транзит жаңа жүйеде рәсімделетін болады. Көрші елде мерекенің тойлануына байланысты қазақ-қытай шекарасы жабылып, ол жақтан келетін ағын тоқтап тұр. Декларацияның рәсімделуінің орташа уақыты 16 минутты құрады. Бұл ескі жүйемен салыстырғанда 4 есеге аз”, – деп жауа берген еді Бақыт Сұлтанов.

Еске салсақ, ҚХР-да білім жүйесінің 68 жылдығы аталып өтуде.

Қатысты Мақалалар