Қажымұқан Мұңайтпасұлы жапон балуанының желкесін қиып жіберген (видео)

/uploads/thumbnail/20171003133247345_small.jpg

Тарихта есімі алтын әріптермен жазылатын Қажымұқан Мұңайтпасұлының жапон балуаны Саракики Джиндофумен жекпе-жек кезінде желкесін қиып жіберген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Балуандардың айқасын Санжар Керімбай өзінің Facebook парақшасында жүктеді.

Айта кетер болсақ, Қажымұқан Мұңайтпасұлы мен Саракики Джиндофудың жекпе-жегі – тарихта қалған әйгілі жекпе-жектердің бірі. Ол 1911 жылы Харбин қаласында өткен. Ал, кейбір деректерде бұл жекпе-жек 1905 жылы болған делінеді. Қажымұқан мен Саракики арасындағы бұл жекпе-жек джиу-джитсу бойынша өткен. Саракикидің «Джиу-джитсу жапон күресінен кез келген балуанды жеңемін» - деген сөзіне тек Қажымұқан ғана жауап беріп, жекпе-жекке шығады. Жапон балуаны Қажымұқанның астыңғы ернін жыртып жібереді, алайда бұл жекпе-жек Саракикидің соңғы жекпе-жегі болды. Қажымұқан жапон балуанын кілемге жығып құлатқан, осы жекпе-жектен соң Саракики Джиндофу көз жұмған екен.

Әлеуметтік желіде жарияланған тарихи жекпе-жектің видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Қатысты Мақалалар