Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және ойының бәрі сол көздегені болады, ол кезде айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де. Ол бөтен ойсыз, табиғатына тән бол-ғандықтан, Тоқтыларға ренжудің де қажеті жоқ. Бұл адамдарда қаталдық деген мүлде болмайды. Айналасында болып жатқан құбылыстың бәріне шын жүрегімен сенеді, өз жағдайын да жасырып қалмайды. Шағымданғанды жаны сүйеді. Өз ісінде ешқашан жоспар құрып, стратегия жасамай, мақсатына тіке бет алады. Бұл белгіде туылған адамдар көз жасын ешкімге көрсетпеуге тырысады. Қызметтік саласында көп табыстарға қол жеткізеді. Тоқтылардан шыдам мен әдептілікті аз көресіз, тіпті мүлде шыдамсыз десе де болады. Салмақты болуға тырысқанмен, жас кезінде ол мүмкін болмайды. Ашықтық пен адалдығы сияқты жақсы қасиеттерін алға тартқанмен, тұрақтылық және жауапкершілік қасиеттерінің кемшілігі көзге ұрып тұрады. Тіс ауруынан қатты қорқады, тіс дәрігеріне бас сұқпай өтуге дайын. Тоқтылардың басым бөлігі толық боп келеді. Айтарлықтай ауру болмаса, өздерін жағымсыз сезініп тұрғанның өзінде жатып, демала қоймайды.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл – өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады. Сүйгенін қызғанып, артынан аңду дегенді білмейді. Торпақ қонаққа барғаннан гөрі, дастарханға барын қойып, қонақ күткенді қалайды. Танымалдылыққа ұмтылмайды. Махаббатта да, достықта да арақатынасты үзбей, әр қадамды қалай жасау керектігін жетік біледі. Өте тұрақты. Құбылысты сол қалпы қабылдауға дайын. Үй шаруашылығына өте бейім, өз үйін, таныс ортасын қатты жақсы көреді. Үнемі өзінің жеке үйі болғанын армандайды. Табиғатқа өте жақын, жасыл желек, гүл атаулыны өте жақсы көреді. Қала сыртына таза ауа жұту үшін ғана баруға ерінбейді. Денсаулығы мықты, ауыра қал-ған жағдайда сырқатынан баяу айығады. Оптимизмнің аздығынан да зардап шегеді. Өздерін қатал және өте шыдамды деп ойлайды. Шындығында да өте қатал және тік. Олар жылдар бойы физикалық та, психологиялық та ауыр жүктерді алып жүре алады, ешкімге шығымданбайды да, ешкімді кінәламайды да. Торпақтарда сәтсіздіктер орын алған сайын одан өту үшін күш жинай түседі. Армандарына аз қадамнан болса да, жол салады. Болашағын нық қалайды.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Сіз үшін бұл жылдың қызығы мен шыжығы мол болады. Өміріңізде бұрын-соңды болмаған оқиғалар болып, жақындарыңыз танымайтындай өзгересіз. Жеке өміріңізде, мансап жолында, ақша мәселесінде, имиджіңізде барлығы жоспарлағаныңыздай болады. Бұл қыста жылы жүресіз. Қаңтар айында сүйіктілеріңізбен қарым-қатынастарыңызға байланысты үлкен шешім қабылдайсыз. Қызметте барынша тәртіпті болғаныңыз жөн. Өкінішке орай, желтоқсан айында сүйіктіңіз бен достарыңызбен жолығуға уақытыңыз болмауы мүмкін. Өзіңізді наурыз айында патшадай (патшайымдай) сезінесіз. Қолыңыздан барлығы да келіп, сізге таңдай қағып қарайтын болады. Сәуір айында жеке заттарыңызға мұқият болыңыз. Маусым айында қызығушылығыңызды еске алыңыз. Шілде айы нағыз жұмыс пен ақша табудың мезгілі. Ал тамыз айы отбасыңызға, жақын достарыңызға көңіл бөлетін уақыт. Әлеуметтік ортада жақсы адамдардың назарына ие боласыз. Ал қазан айында әріптестеріңіз не құрбыларыңызбен қарым-қатынастың шынайы бейнесін көресіз. Шілде айына дейін сүйіктіңізді іздеумен боласыз. Сезімге ерік бермес бұрын, мінездеріңіздің сәйкестігін ескеріңіз. Наурыз айында араласатын достарыңыздың қатары көбейіп, екінші жартыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Сәуір айынан бастап келесі жарты жылдықта ерекше шабытқа ие боласыз. Сол шабыттың арқасында махаббатыңыз романтикаға толып, шығармашылығыңызды шыңдай түсесіз. Мамыр айында сыйлықтардың астында қаласыз. Тамыз айы мен қазан айының ортасында жаңа бір сезімдерге ие боласыз. Ал қараша айы отбасын құруға нағыз қолайлы уақыт. Мамандар осы айда отбасын құрған ғашықтардың махаббаты мәңгілік болатындығын айтады. Отбасылық өмірде өзгерістер болып, жарыңызбен уақытша жараспай қалуларыңыз мүмкін. Алайда артынша барлығы орнына келеді.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Әріптестік, сыбайластық қарым-қатынаста көп нәрсені түзетуге мүмкіндік туады. Құлшынысыңызды өлшеп көріп, махаббатқа иелік етуге мүмкіндік беріңіз. Өмірлік ең маңызды делінген тапсырмаларды шешуге көңіл бөліңіз. Өзіңізге шын мәнінде не керек екенін анықтап алыңыз. Әріптестік, жолдастық қарым-қатынаста сал-қынқандылық танытыңыз. Өз ойлағаныңызды жүзеге асыру көп қиындық тудырмайды. Батыл қадамдар мен оптимистік көзқарас қаржылық әл-ауқатыңызды жақсартып, жұмыс орныңыздағы бағыт-бағдарыңызды бекіте түспек. Толассыз жетістіктен басыңыз айналуы мүмкін, сондықтан саналылықты сақтаңыз. Жұмыс орнындағы ауызбіршілікті отбасылық қарым-қатынаста да ұстаныңыз. Өзіңізді өзгетуге тырыспаңыз. Ғашықтық қарым-қатынас, сезім дертіне жиі шалдығуыңыз мүмкін. Алғашқы кезден бастап сезіміңізді дұрыс бағамдап, дұрыс жолға қойып үйреніңіз. Және бұл тұста өз қолыңызға көп жауапкершілікті алуға тура келетін сәттер туындауы мүмкін. Қаңтар-ақпан-қыркүйек-тамыз айларында махаббат төңірегінде үлкен өзгерістер орын алып жатса, қарсы болмаңыз. Алғашқы жарты жылда орын алған өзгерістер өміріңізге оң әсерін тигізеді. Сақтықты жоғалтып алмаңыз. Ақпан айларының орта тұсында отбасылық және үйішілік сұрақтарға уақыт бөліңіз. Бұл тұста да жұмыс орныңызда жақсы қарым-қатынасты нығайта түсуіңіз тиіс. Үй ішіндегі үлкен өзгеріс орнату жолындағы талпыныстар нәтижелілікке алып келмеуі мүмкін. Маусым айына дейін үлкен буынның көңілінен шығып жату мүмкін болмайды, сондықтан өзіңіз нені дұрыс деп ойласаңыз, солай шешім қабылдаңыз. Балалар көп мақтау мен көп уақыт бөлінуін қалайды. Және өз кезегінде балалар үшін үлкен шығынға түсуіңіз мүмкін.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Арайлап атқан әрбір таңға қуану, өзгелерді таңдандыру және өз-өзіңізге ғашық болу - осы жылды көңілді өткізуіңізге көп көмегін тигізеді. Отбасыңызға деген ерекше көзқарасыңыз ошағыңыздағы түсіністікті үйлестіруге деген құлшынысыңызды арттырады. Шығармашылық қадамдарыңыз сізге үйіңізге талғаммен орналасуға мүмкіндік береді. Сауықтыру орындарына және теңізге баруға уақыт табуға тырысыңыз. Жақындарыңыз сіз оқумен, қағазбастылықпен іс сапарлармен басыңыз қатып жүрген қиын кезеңде қолдауға тырысады. Белсенділік пен оптимизм күмәндардан арылуға көмектесетін ең үздік дәрі болмақ. Өзіңіздің ішкі әлеміңізбен үздіксіз құштарлықпен жұмыс жасай отырып, сіз өзіңізді жарқын, жаңа қалыпта көрсете аласыз. Бұл жыл жылжымайтын мүлік, жөндеу жұмыстарымен байла-нысты мәселелерді шешуге таптырмас жыл болып табылады. Қаңтардан мамырға дейінгі аралықта немесе тамыз айында тұрғын үй мәселелері жақсарады. Көптен күткен қоныс аудару болады. Келін түсіріп, шаңырағыңыз кеңейе түседі. Екінші жартыжылдықта міндетті түрде ата-анаңыздың мәселелерімен шұғылданыңыз. Балаларыңыз өзінің шығармашылығымен, өзіндік іс-әрекеттерімен қуантады. Жұбайыңыз мансап жолында жоғарылауы мүмкін. Белсенді қарым-қатынас, достық шеңберіңіздің кеңеюі – сіздің жеке тұлға ретінде өсуіңіз үшін өте қажет. Ортақ қызығушылықтардың арқасында алыс туысқандарыңызбен қарым-қатынастарыңыз жалғасын табады. Қаңтар мен шілде айларында сіздің айналаңызда көптеген өзгерістер орын алады. Білім, ғылым, спорт, транспорт, ой еңбегі, БАҚ, қаржылық, халықаралық қатынастар секілді сала мамандарына бірінші жарты жылдықта бірқатар қиындықты басып өтуге тура келеді.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Бұл жылда қауіпсіздікке, қолайлылыққа және рахаттануға деген қажетсінуді айқын сезінесіз. Ақшаға деген көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасты дұрыс ұстағаныңыз жөн. Жаңа жылдық ойын-сауық сіздің іс-қатынастарыңыз бен қаржылық қорыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сезім, романтика, шығармашылық, істегі жетістіктер – мұның барлығы сізді көктемде күтеді. Кейбіреулер кейбір қатынасты үзгеннен кейін өзін еркін сезінбек. Белсенді жаз, әріптестіктегі мол оқиғалар және мансаптағы өсу күнделікті бірсыдырғы өміріңізге өзгеріс енгізеді. Тамыз айында барлығынан басыңызды алып қашып, оңашада болғаныңызды қалайсыз. Қоңыр күз - белсенділер мен батылдар үшін және пәрменді ізденістегі жандар үшін табысты болады. Қазан айында өзіңізді көрсетуде және бизнеске кірісер алдында икемділік қажет. Қарашада қосымша білім алу хақында ойланғаныңыз дұрыс.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Таразылар бұл жылы өмірлік серіктері мен барлық істе тірек болар сүйеніш іздейді. Өзіңізді көрсетіп үйренгеніңіз жөн. Әсіресе, сөзіңіз бен ісіңізді қадағалау маңызды. Бастығыңыз сізді керек әрі мықты маман деп бағалайтын болады. Жылдың басында барынша өзгеруге тырысасыз. Көп уақытыңызды отбасыңызға бөліп, жайма-шуақ күндерді жақындарыңызбен бірге өткізесіз. Махаббат пен сыйластық атаулысы басты тірегіңізге айналады. Көп уақытыңызды жұмысқа арнасаңыз да, жақындарыңыз үшін әрдайым уақыт тауып отырасыз. Маусым айында бастығыңызбен ренжісіп қалмаңыз. Ренжіскен жағдайда да барлығын ақылмен шешуге тырысыңыз. Ал шілде мен тамыз айлары сіз үшін үлкен мүмкіндіктердің есігін ашады. Қыркүйек айында көлге барып демалуыңыз мүмкін. Қазан айында жалақыңыз өседі. Көктем айларында сүйіктіңізді жолықтырып, ерекше сезімге бөленесіз. Өкінішке орай, алғашқы қадам өзіңізге тиесілі. Жігіттердің батыл қыздарды жақсы көрмейтіндігін есте сақтаңыз. Наурыз айы романтикаға толы болады. Қыс айларында болған кикілжіңге қарамастан, татуласып, өмірлеріңізді жаңа парақтан бастайсыздар. Ол үшін әрекет жасамаған жағдайда мәңгілікке айырылысып кетулеріңіз мүмкін. Сүйіктіңіздің қандай болу керектігін жүрегіңіз ғана айтып бере алады. Ал мамыр айында дәл сол адамды кездестіру мүмкіндігі туады. Жаз айында қызығушылығы өзіңізден мүлдем басқа адамға тұрмысқа шығуыңыз мүмкін.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Өз идеяларыңыз бен қызығушылықтарыңызды қорғай біліңіз. Бойыңыздағы күш-жігерді шығармашылыққа бағыттаңыз. Сіз өзіңіздің ішкі жағдайыңызбен Сәуір айында барлық нәрсенің өз қолыңызда еместігіне көзіңіз жетеді және олардың көбісіне икемделіп, сабырлық танытуға мәжбүр боласыз. Маусым - батыл әрекет жасау мен алдағы уақытта болатын ірі оқиғаға даярлық жұмыс-тарын дайындауға ыңғайлы ай. Шілде айында жоспарлардан белсенділікке көшкен абзал. Ал жаздың соңғы айында шектен шығып кетпеу маңызды. Жоспарланған әрі сенімді қадамдарыңыз жұмыста және қаржылық мәселелерде өз жемісін бере бастайды. Бұған сіздің тіл тапқыштығыңыз бен хабардарлығыңыз өз септігін тигізеді. Мінез-құлқыңыздың өзгерісі сезіміңізге едәуір әсер етеді. Кез келген адамның сіздің жаңа мінезіңіге төтеп беріп, кейбір тұста үйренісуіне тура келеді. Жарыңызды көп мақтап, көп қамқорлық танытуға тырысыңыз. Себебі, әрекетке іштей салқынқанды көзқарасыңызды өзіне суып кетті деп түсінуі мүмкін. Қаңтар айында ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас ушықпақ.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Өміріңізде орын алатын елеулі өзгерістер салдарынан өзіңіздің алған бағытыңыздан жаңылып қалу қаупі бар. Сол кезде болуы мүмкін хаостық жағдайларда эмоцияға ерік бермей, барынша сабырлы болуға және ақылмен ойлануға тырысыңыз. Жеке басыңызды әртүрлі оқиғалар мен өзгерістер күтіп тұр. Бірақ байбалам салмаңыз, сабыр сақтаңыз. Бұл сіздің алдағы жарқын өміріңізге септігін тигізетіні сөзсіз. Сіз түбегейлі өзгересіз, сондай-ақ ақыры айналаңыздағы болып жатқан өзгерістердің себебін ақырындап түсіне бастайсыз. Шілде айында сізді үлкен бақытқа кенелу мүмкіндігі күтіп тұр. Сіз өзіңізге жаңа қызығушылықтар таба бастайсыз. Өмірге деген құштарлығыңыз қайта ашылып, үлкен беделге ие болуыңыз да әбден мүмкін. Алдағы жылы Айдың әсерінен сіздің махаббатта жолыңыз міндетті түрде болады. Қаңтар мен шілде айларының аралығында қаржылық мәселеңіз оң шешімін табады. Шілде айының соңынан қыркүйектің ортасына дейін сүйіктіңізбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз, шетелдерге шығып демалып қайтсаңыз да әбден болады. Ал некеге тұрамын деп шешсеңіз, онда сізге мамыр мен тамыз айлары оңтайлы келеді.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Қаңтар мен ақпан айларында ішкі күшіңіздің мықтылығы айналаңызға керек адамдарды жинауыңызға көмектеседі. Мамырда жұмыс пен отбасыңызға деген жауапкершілігіңіздің арқасында үй мен кеңсе арасында айрықша үйлесімділік сақтайсыз. Тығыз жұмыс уақыты бастығыңыз бен әріптестеріңіздің түсініспеушілігін туғызуы әбден мүмкін. Сондықтан жеке өмірді жұмысқа араластырмауға тырысыңыз. Қыркүйек айында жоғары білім не қосымша білім алғаныңыз жөн. Қазанда әлеуметтік жағдайыңызға өзгеріс енгізетін ұсыныстар түсіп қалуы мүмкін. Қарым-қатынастарыңызға сызат түспеуі үшін қыс айлары мен сәуір, маусым-шілде, қазан айларында жартыңызды сізге қарыздар біреу ретін-де емес, тағдырдың сізге тартқан сыйы деп қабылдаңыз. Көктемде сүйіктіңіз сіздің қалауыңызға бас иетін болады. Өйткені бұл көктем сізді жақсы жағыңызға қарай өзгертейін деп тұр. Маусымда, тамыздың алғашқы жартысында қыркүйек, қараша айларында демалуға, саяхатқа шығуға жол ашық. Егер жартыңызды әлі кезіктірмеген болсаңыз, осы айларда жаңа таныстықтан қашпаңыз. Жылдың алғашқы жартысында ата-анаңызға айрықша көңіл бөліңіз. Үй-жай мәселелерін көктемде шешсеңіз, тиімді болмақ. Наурыз, мамыр, тамыз-қыркүйек, қараша айларында отбасыңызда тыныштық, береке орнайды. Өкпе-ренішті ұмытып, жақындарыңызға жылулық көрсетсеңіз, жайлы өмір сүре аласыз. Үй тірлігіне бей-жай қарамай, өзіңіздің екінші қырыңызды шыңдаңыз.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Қаңтар айында саяхатқа аттаныңыз немесе жаныңызға жағатын іспен шұғылданыңыз. Ақпан айында өзіңіздің жаңа бейнеңізді жасауға кірісіңіз. Ал желтоқсан айында күдікті адамдардан алыс болып, жөнсіз істерге бас сұғушы болмаңыз. Наурыз бен сәуір айларында сізді күтпеген қаржылық ұсыныстар қуантпақ. Ал мамыр айында отбасыңыз сіздің әр идеяңызға разы болады. Маусым мен шілде айларында демалыс пен жұмысқа да қатар уақыт бөліңіз. Махаббат оқиғаларының сіздің әмияныңыз немесе карьераңыз үшін құрылмауына баса назар аударыңыз. Тамыз айында серіктесіп жұмыс жасауға ұсыныстар келіп түседі. Карьераңызды өсіріп, қоғамда дәрежеңізді көтеру үшін өзіңізді біраз жерде құрбан етуіңізге тура келеді. Сіздің қызғаншақтығы жоқ мінезіңіз ер азаматтарды таң қалдырады. Сізді басқа адамның бостандығы мен ойын құрметтейтін адам ұнайды. Наурыздан қараша айына дейін неке қимаңыз. Өйткені осы кездегі өміріңіз сіздің жұбыңыз бола алмайтын адаммен жолықтыруы мүмкін. Егер осы кезде шаңырақ көтерсеңіз, өзіңіздің қателескеніңізді бір жылдан соң білетін боласыз.Тұрмыстық мәселелерге келгенде жұбайыңыздың ақылына сүйеніңіз. Ол осы кезеңде өзін өзгеге керек сезінуі керек. Бала-шағаңыз осы уақытта тынышсызданады. Өткен жылға қарағанда сіз бұл жылы «істеу керектен» біршама құтылып демалатын боласыз. Жаздың ортасына дейін достарыңыз сізге кез келген жағдайда тірек бола алады. Олардың арқасында сіз біраз істі тындырып үлгересіз. Сіздің ешкімнің ойына келе бермейтін идеяларыңыз бірақ шаруаға дем болады. Наурыз айынан қараша айына дейін кез келген досыңызбен байқап араласыңыз.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Қаңтар айында өзіңіз көптен жүріп келе жатқан жоспарыңызға қайта көз тігіңіз. Достарыңыз бен жақындарыңыздың пікірі жұмысыңыздың өрлеуіне жаңа тыныс бермек. Қаржының ортасы жауапкершілік пен сауаттылықты талап етеді. Табан астында көтеріліп не түсіп кетуіңіз де ғажап емес. Маусым айында сізді романтика күтіп тұр. Жазда әріптестермен жұмыс жасау үшін басқа кездегіден де көп күш жұмсауыңызға тура келеді. Ақыл-ойдың арқасында күтпеген табыстың жемісін көресіз. Көп күшті өзіңіздің денсаулығыңызға, біліміңізге және жеке өміріңізге бөліңіз. Сіздің өзгелерден ерекше мінезіңіз бен өмірге деген көзқарасыңыз сізді үнемі махаббатта жеңіске апарады. Қаңтар мен шілде айларының ортасында сізді таңғажайып махаббат оқиғасы күтіп тұр. Қаңтар, ақпан және наурыз айларында сіз өзіңізге қатты көңіл бөлесіз. Сонымен қатар өткеніңіз жайлы да көп ойлайтын боласыз. Сізді бұл жылы қызықты шаралар мен оқиғалар күтуде. Бәрі де отбасылық қаржының қорына келіп тіреледі. Сіз өз жұбайыңыз үшін әлемдегі ең сұлу, әрі ақылды жарсыз. Қаңтар айында үйдің еркелері сіздердің жүйкелеріңізге біраз салмақ салып сіздердің сабырлығыңыздың қаншалықты қатаң екендігін тексеріп көреді. Жағдай сондайға келіп тіреледі. Достардың сізге бұл жылы керегі көп. Сіздің алдыңызға дос бетпердесін киіп алған адамдар да достық білдіріп келуі мүмкін. Оларға есігіңізді ашпаңыз. Онымен қоса сізді шынымен дос көретіндердің де саны жетіп артылады. Бірінші жартыжылдықта орнайтын жағдай сізбен жолы бір емес адамдарды ығыстырады. Артық салмақ қосудан қорқыңыз. Және онымен күресіңіз. Қыс мезгілінде тәбетіңіз ашылмақ.
Пікір қалдыру