«Соғыстан аман қайтып, концертте өлді». Қаза тапқандар жайында естеліктер

/uploads/thumbnail/20171004120418801_small.jpg

 Лас-Вегастағы атыс салдарынан кейбір қаза тапқандар жайында жаңа мәліметтер шықты. Соңғы деректерге сәйкес, атыстан 59 адам қаза тауып, 400 адам жарақат алған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қаза тапқандарпдың қатарында 28 жастағы Крис Ройбел бар. Ол – Ауғанстандағы қызметтен оралған оңтүстік Калифорния флотының ардагері.

Фейсбуктегі соңғы жазбасында ардагер «Саған оқ тигендегі сезімді қалай елестетесің?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

«Адамдар бұл сұрақты жиі қояды, алайда америкалықтар мұның не екенін білмей өтеді», - деп жазды Крис.

Болған жағдайды білген Кристың досы парақшасына былай деп жазды: «Жаныма тиетіні – соғыстан бір жарақатсыз, аман-есен оралған Крис концертте қаза тапты».

Крис концертке анасымен бірге барған, алайда концерттегі қалың жұртшылықтың кесірінен анасынан ажырап қалған. Атыс басталған уақытта анасы баласын іздей бастайды, бірақ тым кеш еді.

«Ол соғысқа барып, түрлі жаттығуларды өткеріп, жарақатсыз оралды. Концертке барды да, мәңгілік сапарға аттанды», - деді Кристің анасы Эн-би-си тілшісіне берген сұхбатында.

Чарльстон Хартфилд – Лас-Вегас полициясының 34 жастағы штаттан тыс қызметері. Сол күні жұмысынан арнайы демалыс алып, концерт тамашалуға барған.

Одан бөлек, Чарльстон балалар футбол командасының жаттықтырушысы еді. Бірнеше күн бұрын Қарулы күштердің қызметі жайында естеліктер жазған. Бұл туралы қаза тапқан полицейдің досы Трой Ретт айтты.

«Менің ойымша, ол өзгелерге көмек көрсеткісі келген. Чарльзды менен артық ешкім білмейді. Жақсы адамдар бірінші кетеді дейді ғой. Бұл сөз Чарльзға дәл айтылғандай. Қайғылы оқиға жүрегімізге қатты батты, қатты қайғырдық», - деді Трой тілшілерге берген сұхбатында.

Сонни Мелтон – 29 жастағы мейіргер. Өз әйелін құтқарамын деп оқ астында қалған.

«Ол менің өмірімді құтқарды», - деді қаза тапқан мейіргердің әйелі Хизер Мелтон. – Ол мені құшақтап алып, қаша жөнелді. Сол сәтте оның арқасына оқ тигенін сездім».

Сэнди Кэйси – Манхэттен Бич қаласының тұрғыны, педагог-дефектолог. Арқасына оқ тиіп, қаза болды.

Концертке күйеу жігітімен барған. Әріптестерінің айтуынша, Сэндиді оқушылары да, әріптестері де ерекше жақсы көретін.

«Ол студенттер мен олардың ата-аналырының өмірлеріне ерекше леп әкелген жан», - деді мектеп директоры Майк Мэтьюс.

Томас Дэй – калифорниялық құрылысшы. Концертке 4 баласымен барған, балалары аман қалды.

«Ол – қайталанбас әке. Сол себепті де балалары оның жанында болды», - деді қаза тапқан ер адамның әкесі.

Анна Алерс – 35 жастағы спортшы әйел, үш баланың анасы.  

«Анна – мен білетін әйелдердің ішіндегі ең көркемі, ғажабы», - деп есіне алды күйеуі.

Анджи Гомез – 20 жаста, биші.

«Анджи адал дос бола білді. Біз үшін, отбасы үшін оның орны бөлек еді, енді ойсырап қалды», - деді Анджидің биден жаттықтырушысы.

Дана Гарднер – 52 жаста, Сан-Бернардино қаласы әкімшілігінің қызметкері. Әйел концеткер қызымен барды, қызы зардап шекпеген.

Джон Фиппен – Сан-Кларита қаласының тұрғыны. Арқасына оқ тиіп қаза тапты. Джонның ұлы Тевис те жарақаттанды, алайда аман қалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар