Бүгінде әлемге әйгілі Джеки Чанның жанкүйерлері актердің өткен өмірі туралы толық біле бермейді. Джеки Чанды толық білемін деген адам мүлдем қателеседі. Аңызға айналған актердің өткен өміріндегі құпияларды Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.
Джеки Чан 1954 жылы Ганконгте дүние келген. Ата-анасының кедей болғаны соншалық Джеки үшін 20 фунт ұсынған дәрігерге сатып жібермек болған. 20 фунт теңгеге шаққанда 8 мың теңгедей болады. Сонымен бірге Джеки дүниеге келген кезде ата-анасы Қытайда репрессияға ұшыраған. Джекидің анасы құмар ойындарының атақты ойыншысы болса, ал әкесі тыңшы әрі қарақшы болыпты.
Джеки 7 жасқа толған кезде ата-анасы Австралияға жұмыс іздеуге кетіп, баласын өздерімен алып кеткісі келмеген. Джекиді Пекиндегі опера мектеп-интернатына тастап кетіпті. Джекидің мектеп-интернатындағы күндері азапқа толы болатын. Аталған мектепте сабақ таңғы 5-те басталып, түннің ортасында аяқталатын. Ең қиыны бұл емес еді. Мектеп оқушылары ез-келген кішкентай қателік үшін ауыр жаза тартатын.
Бір күні Джекиді кішкентай қателігі үшін мұғалімдер қамыс таяқпен ұрған.
«Мен бұл күнді өмір бойы ұмытпаймын. Бір күні мұғалім мені қамыс таяқпен 10 рет ұрған.Бұл кезде жылауға да, артық қимылдауға да, дыбыс шығаруға да болмайды. Артық қимыл жасасаң 2 есе жазаланасың. Иә мен бұл сәтті ешқашан ұмытпаймын», — дейді Джеки Чан.
Мектеп-интернатындағы азапқа толы 10 жылдан кейін Джеки ата-анасының қасына, Австралияға көшеді. Кейін ол біраз қиындықтан өтіп аты аңызға айналған актерге айналады. Алайда түсірілім кезінде ол көптеген ауыр жарақат алады. Бірақ ауыр жарақаттарға кішкентай кезінен еті үйреніп кеткенге ұқсайды. Ол қазіргі кезде түрлі қайырымдылықпен айналысып, көптеген жандарға жомарттық танытып жүр.
Пікір қалдыру