Испанияда өткен референдумның арты жаппай көтеріліске ұласты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Полиция мен митингіге шыққандардың арасында қақтығыс болды. Полиция агрессиясына қарсы халық көтеріліске шықты.
Испания журналистері полиция тарапынан жасалған әрекетті қатігездікке балап отыр. Премьер-министр жақтастарының өзі шиеленісті басқа жолмен шешуге болатынын айтқан.
Мариано Рахой Испанияның бірлігін сақтау үшін барлығына дайын. Ол үшін күш қолдануға да бар.
Ол Испания азаматтарына каталондық референдум болмайтынына уәде берді. Рахой Каталонияның тәуелсіздік алу мәселесін саяси партиялар бастағанына сенімді. Алайда референдумды қарапайым адамдар қолдады.
Халықтың мұңына құлақ асудың орнына премьер-министр күш қолдануды жөн көрді. Бұл әрекеті арқылы премьер-министр саяси ұпай жинағысы келеді.
Каталондықтар полиция агрессиясына жауап бере бастады. Қазір ол көтеріліске ұласты. осыдан кейін Испания мен Каталония арасында бұрынғыдай қарым-қатынас орнайды деп айту қиын.
Жалғызғана жол – каталондықтардың тәуелсіздігін мойындау.
Пікір қалдыру