Педофилдің оқушыны күштеп орманға алып кеткен видеосы шықты (видео)

/uploads/thumbnail/20171004163201368_small.jpg

Тергеушілер 35 жастағы Ресей азаматына «Кәмелет жасқа толмаған жеткіншекті ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Педофилдің қызды күштеп көлікке отырғызған сәті камераға түсіп қалған. Оқиға Ресейде болды. 

29-шы қыркүйекте полицияның кезекші бөліміне Ворошилова көшесінде ер адам күшпен 13 жастағы қызды тұтқындап алып кеткені туралы хабар келіп түскен.

Тергеушілер ер адамның күшпен 7-ші сынып оқушысын көлікке отырғызып орманға алып кеткенін анықтады. Оқушы педофилден қашып кете алған.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері ер адамды ұстады.

Желіде мектеп оқушысын күшпен көлікке отырғызып жатқан видеосы таралды.

Қатысты Мақалалар