Қордай ауданы, Қайнар ауылында полиция қызметкерлері тоғыз келіден астам героин мен "Вальтер" маркалы газ тапаншасын тәркіледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қылмыстық кодексінің бұрынғы басылымының 259-бабы бойынша (есірткі заттарын заңсыз сақтау, психотропты заттарды дайындау, сақтау, тасымалдау) бірнеше рет сотталған 59 жастағы жалғыз басты, жұмыссыз ер адам ұсталған кезде, өз ісін мойындады. Қазіргі уақытта Қордай АІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 297-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.