ШҚО-да жүк көлігі 10 жастағы қызды қағып кетті

/uploads/thumbnail/20171005095706972_small.jpg

ШҚО-дағы Шемонаихта жүк көлігі 10 жастағы қызды қағып кетті, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай қыз өте қатты жарақат алған. Оны қағып кеткен ГАЗ-53 автокөлігі екендігін жергілікті полиция қызметі мәлімдеді. Көлік жүргізушісі тапсырыс бойынша көмір тасып жүрген.

Оқиға 10 жастағы қыз ұялы телефонмен сөйлесіп айналасына қарамай жолдан өтіп бара жатқан кезінде болған. Қайғылы жағдай болған жерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақ болмаған. Қазіргі кезде қыз ауруханада ауыр халде жатыр. Ал автокөлік жүргізушісінің қанында алкоголь болғаны анықталды.

Қатысты Мақалалар