Жанармай бекетіндегі келеңсіз жағдайдың видеосы желіде кең тарауда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жанармай бекетінде темекі тартып тұрған жігітке бекет қызметкері темекісін сөндіруін сұрайды. Ал жас жігіт темекісін тастаудан бас тартады. Сол сәтте бекет қызметкері өрт сөндіру құралын қолданады. Келеңсіз жағдай Болгарияның София қаласында орын алған. Ал келеңсіз жағдайды тудырған Эдуард Ерменчов есімді студент жігіт.