Барахолкада мас күзетші тұрақшыны пышақпен жаралаған

/uploads/thumbnail/20171005111858592_small.jpg

Солтүстік айналма жолы көшесінде, Алматыдағы барахолканың тұсында бірнеше жерден жарақат алған ер адам табылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі patrul.kz мәліметіне сүйеніп.

Ер адам жолдың жиегінде жатқан. Оның қолы мен кеудесінен  аққан қанға қарап, бірнеше жерден пышақталғаны көрініп тұрған. Сондықтан  куәгерлер жедел жәрдеммен қоса полицияны да шақырған.

Оқиға орнына  келген медицина қызметкерлері бірден зардап шеккен 46 жастағы ер адамды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Ал полиция өкілдері оқиға орнын тексере бастады.

Оқиғаның видеосы Patrul.kz сайтында жарияланды. 

Қатысты Мақалалар