Әлемдегі ең жабық елге украиналық журналист қалай барған?

/uploads/thumbnail/20170815103114884_small.jpg

Уркаиналық журналист Роман Бочкала әлемдегі ең жабық мемлекетке барған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Солтүстік Кореяға жасаған сапары жайында Роман Бочкала өзінің Facebook парақшасында жазды.

Журналист осы уақытқа дейін жолаушылар қарасы аз  ұшақ көрмегенін айтты. Өзінің Бейжіңнен Пхеньянға ұшқанын айтып өткен. Ұшақта небәрі 7 жолаушы болған. Және  ұшақтағы стюардессалар ешкім суретке түсірмеуін қадағалап отырған.

кхдр

«Солтүстік Кореяға КХДР және Оңтүстік Корея жайлы ешқандай әдеби кітап алып өтуге болмайды. Ал журналист болсаң, міндетті түрде хабарлауың керек», деп жазды Бочкала.

Солтүстік Кореяда Украинаны Ресейдің құрамында деп таниды екен. Және Ресей мен Украина КСРО құрамында деп есептейді.

журналист

Сонымен қатар, Солтүстік Кореяда бар-жоғы 4 телеарна жұмыс істейді. Оның төртеуі де мемлекетке тиесілі.

Ғаламтар жоқ және шетелдіктерге арналған қонақүйде әлеуметтік компьютерден электроны хат жіберуге болмайды. Жергілікті халық электронды хат жіберу үшін 2 күн бұрын өтініш қалдыру керек, деп жазды Бочкала.

Қатысты Мақалалар