Алматы әкімдігі жанармай тапшылығы туралы мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20171005114323081_small.jpg

Алматы әкімдігі қаладағы ірі жанармай құятын бекеттердегі тапшылықтың себептерін қатаң тексеріске алады,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агентігі.

Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев: «Қазіргі таңда қаламыздағы Helios, Sinooil, «ҚазМунайГаз» сынды ірі жанармай бекеттерінде 15 мың тоннаға жуық жанармай мөлшері бар. Бұл қаланы 8-10 күнге дейін және одан басқа бекеттерде 2-3 күндей қамтамасыз етуге жарамды жанармай бар»,- деді.

Мәдиевтің айтуынша, жанармай тапшылығына байланысты Алматы әкімдігі мен министрлікпен біріге отырып мәселенің шешімін табуға тырысады.

Қатысты Мақалалар