Каталония 9-шы қазанда өз тәуелсіздігін жариялайды

/uploads/thumbnail/20170907112230444_small.jpg

Каталония басшылары Испаниядан тәуелсіздігін 9 қазанда жариялайтынын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tass.ru мәліметіне сүйеніп.

Тәуелсіздікті қолдайтын Халық бірлігі партиясының депутаты, каталониялық Мирея Боя аймақтың тәуелсіздік туралы декларациясы парламент 1 қазанда өткен тәуелсіздік туралы референдум нәтижелерін бағалаған соң жарияланатынын айтты. Ал  Испания билігі референдумды заңсыз деп таныған.

Каталония басшылары 1 қазанда өткен референдумға қатысқан 2,26 миллион сайлаушының 90 пайызға жуығы Испаниядан бөлінуді қолдағанын мәлімдеген. Билік референдумға аймақтың дауыс беру құқығы бар 5,34 миллион азаматының 42 пайызы қатысқанын айтады.

Референдумға дейін сауалнама қорытындылары Каталонияның 7,5 миллион халқының шамамен 40 пайызы тәуелсіздікті қолдайтынын көрсеткен.

Қатысты Мақалалар