АҚШ-тағы Йеллоустонда оянған жанартаудың қайнау нүктесі шекті межедегі ахуалға түскен,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сейсмологтар Айдахо жер сілкінісін супер жанартаудың оянуымен байланыстырып отыр.
Осыған орай АҚШ-тың геологиялық қызметі Айдахо жер сілкінісінің себебін Йеллоустонда оянған жанартаумен байланыстырып отыр.
Сонымен қатар, әлемге әйгілі гейзер атмосфераға үлкен көлемде бу шығарды және ол рекордтық қашықтыққа жетті. Ғалымдар бұрын соңды мұндай құбылыс көрмегенін айтады. Олар бұл жағдай «жер асты температурасының тым қатты ысып кетуінен» болды дейді.
Йеллоустондағы қорықта да жұмбақ жағдайлар көп болуда, мәселен жердің беткі қабаты көтеріліп, бизондар басқа жаққа қоныс аударуда.
Жоғары сейсмикалық өзгерістер осы жылдың қыркүйек айында Калифорния штатындағы Лонг-Веллиде байқалған, онда алып жанартау асқан белсенділік танытқан. Бұрындары жанартау маңында небары 10 рет жер сілкінісі болса, соңғы айда сейсмологтар 1104 рет жердің 3,3 баллдық көрсеткішпен сілкінгенін бақылған.
Мамандардың айтуынша, Йеллоустон мен Лонг-Велли өзара қатты байланысқан, сондықтан бір-біріне әсер етеді. Ғалымдар Йеллоустоундағы жанартау тек қана АҚШ-тың біршама бөлігін жойып қана қоймай, бүкіл әлемге қасірет алып келуі мүмкін дейді.