Лас-Вегас қаласындағы қанды қырғын оқиға әлемді дүрліктіргені рас. Дәл осы күні, қанды алаңда 33 жастағы әйелдің өмірін оның iPhone смартфоны құтқарып қалған. Оқ телефон қаңқасына тиіп, сол жерде қыстырылып қалған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net-ке сілтеме жасай отырып.
Еске сала кетейік, Лас Вегаста қанды қырғын оқиға болды. Соның салдарынан 60-қа жуық адам көз жұмды, 500-ден астам адам жаралаған болатын.