Режиссер Жәнібек Жетіруов «Шыңырау» фильмінің монтажын аяқтап, түсірілімнің біткенін айтты,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Туынды Әбіш Кекілбаевтың белгілі повесінің желісімен түсірілді. Фильм ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырмасымен «Қазақфильмде» монтаждалды.
Фильмнің режиссері Жәнібек Жетіруов: «Әбіш Кекілбаевтың классикалық шығармаға айналған повесінің желісімен түсірілген бұл фильм философиялық бағытта және ол көп адамды қызықтыра алады. Көркемдеу мен актерлердің киімдері және реквизиттердің барлығы қазақтың этнографиялық болмысын аңғартады. Драма мен романтикалық сахнада өте сұлу дала пейзажында түсірілген фильмде Маңғыстау өңірінің көркем жерлері мен Каспий теңізі бейнеленген. Оған қоса, қазақ даласына тән жануарлар көрсетілген тарихи фильм кең ауқымды аудиторияға сәтті жол тартады деген үміттемін. Сараптамалық қабілеті дамыған, классиканы сүйетін кез келген жастағы адамға бұл туында айтарлықтай қазақты болуы керек. Ол адам ойын кеңіте алатын фильм кәсіпкерлерге де қарапайым қара жұмыскерге де пайдалы»,-деді.
Режиссердің айтуынша, туынды Маңғыстауды жан-жақты көрсетіліп, сол жердің тұрғындарына қаншама мүмкіндік барын көруге көмектесуге бағытталған.
Бұл фильмді өмірге әкелу барысында өте көп жұмыстар жасалды және фильмде өнер көрсетуде 100-ге жуық актер кастингке қатысқан.
Картинада әр-түрлі келіспеушіліктер мен өмірге деген көзқарастар, уәждер, отбасы аралық жанжалдар мен адамның өз-өзімен арпалысуы және олардың қоғамға деген реніші сияқты түрлі бағыттағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар бейнеленген.
Туындының басты кейіпкерлері: құдық қазатын қара жұмысшы Еңсеп пен оның керең досы Оспан және бір-бірін сүйетін Ақмоншақ пен Асылхан бар. Оларды Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және жас актриса Айжан Жетіру сомдайды.
Қазіргі кезде фильмнің компьютерлік графикасы және композитор Арман Жайым жасап жатқан музыкалық әрлеуі ғана қалды. Режиссердің айтуынша, фильмге танымал композиторлардың классикалық музыкасы көбірек араласқан.