АҚШ пен Мексика шекарасын қабырғамен бөлу не үшін керек?

/uploads/thumbnail/20171005155838862_small.jpg

АҚШ пен Мексика шекарасына қабырға соғылып жатыр. Дональд Трамптың сайлауалды уәдесін орындап жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТСН мәліметіне сүйеніп.

Бетоннан салынған қабырғаның биіктігі 9 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары айдың аяғына дейін аяқаталады деп жоспарланып отыр. Мексикамен қабырғасын бөлу арқылы Трамп заңсыз көші-қонға шектеу қоюды мақсат тұтып отыр.

Аталмыш құрылыс жұмыстарына 20 млрд. доллар жұмсалады деп жоспарланып отыр. Трамп алдымен қаржыны АҚШ-тың Конгресі бөлуін талап етуде. Одан кейін барып Мексикадан да тиісті қаржыны алмақ ниетте. Алайда АҚШ президенті Мексикадан әзірге тек 1,5 млрд. доллар сұратқан. Ал екі елдің шекарасының ұзындығы 3000 шақырымды құрайды.

Қатысты Мақалалар