Apple-дің Siri көмекші құралы «Болгарияның ұлттық гимні» деген сауалға жауап ретінде атақты пуэрто-риколық музыкант Луис Фонсидің Despacito әнін келтірген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды. Бұл ерекше жайтқа Reddit қолданушыларының бірі назар аударған. Қазіргі уақытта бұл мәселе реттелген.
«Siri Болгарияның ұлттық гимні - Despacito» екенін хабарлаған.
Шын мәнінде Болгарияның ұлттық гимні 1964 жылдан бері «Мила Родино» аталатын Цветана Радословнаның әні мен сөзіне жазылған әуен.
Ал Despacito трекі қаңтар айында шығып тыңдарман қауымды жаулап үлгерген.