Британия премьер-министрін тікелей эфирде «жұмыстан шығарды» (видео)

/uploads/thumbnail/20171005163826622_small.jpg

Британдық пранкер Саймон Бродкин Британия премьер-министрі Тереза Мэй мінберде сөйлеп тұрған жерінде қолына жұмыстан шығару туралы P45 құжатын тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Telegraph-қа сілтеме жасап.

Премьер-министр Ұлыбританияның консервативті партия съезінде сөз сөйлеген. Сол уақытта пранкер жұмыстан шығару кезінде толтырылатын P45 үлгісін ұсынған.

«Борис сізге мына қағазды беруімді өтінді» деді Бродкин қағазды ұстатып жатып.

«P45 үлгісін тек бір ғана адамға табыстағым келеді. Ол Джереми Корбин» деп жауап берді Мэй.

Британияда әр қызметкер жұмыстан шығарылғанда P45 салық формасын алады. Онда қызметкердің кірісі мен төлеген салығы көрсетіледі.

Журналист Пол Бренд өзінің Twitter парақшасында британдық премьерге табыстаған үлгіні жариялады.

Үлгі

Telegraph-та бейтаныс адамның премьер-министрге осыншама жақын келгеніне отырғанғандар наразылығын білдіргенін жазады.

Кейінірек Бродкин Twitter-де британдық СІМ басышына арналған жазба қалдырған.

«Сәлем, Борис Джонсон. Өзің сұрағандай мен Терезаға P45 үлгісін табыстадым» деп жазды ол.

Тереза Мэй

Қатысты Мақалалар