АҚШ НАТО-дан Ауғанстанға 1000 әскер жіберуді сұрады

/uploads/thumbnail/20171005183738531_small.jpg

АҚШ «Шешуші айқасқа» қолдау көрсету үшін НАТО-дан Ауғанстанға тағы да 1000 әскер жіберуді сұрады. Бұл жайында Америка өкілі Кэй Бейли Хатчинсон мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«АҚШ-тың жаңа стратегиясы бойынша Ауғанстандағы әскерилердің жалпы саны 3000-ды құраса, НАТО әскерлерінің жалпы саны 1000-ға жуық», - дейді Кэй Бейли.

Тамыз айында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО 2018 жылы Ауғанстанға біршама әскер жіберуге шешім қабылдап қойғандығы жайлы мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта альянс мемлекеттері бұл елде 12 мыңнан астам нұсқаушылар мен кеңесшілерден құралған контингентке басшылық етеді.

Айта кетер болсақ, НАТО Ауғанстанға өзінің әскерлерін 2014 жылдың аяғынан бастап жібере бастаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар