ДАИШ тұтқынында болған екінші ресейлік өлтірілді

/uploads/thumbnail/20171006093043833_small.png

ДАИШ тұтқынында болған ресейлік Григорий Цуркану өлтірілді. Бұл туралы ТМД, еуразиялық интерация және отандастар мәселелері жөніндегі Меслекеттік дума басшысының орынбасары Виктор Водолацкий БАҚ өкілдеріне хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Водоцкийдің мәлімдеуінше, әлеуметтік желіде жарияланған видео хабарламадан кейін Заболотной мен Цурканға ДАИШ құрамында болдық деген мазмұнда жазылған қағаз оқытпақ болған. Екі азамат оқудан бас тартқандықтан өлтірілді.

Бұдан бұрын «Аль-Амак» террористік ұйымы ресейлік екі тұтқынның видеосын жариялаған. «Аль-Амак» агенттігінің мәліметіне сәйкес, террористер ресейлік Заболотный Роман Васильевич және Цуркан (Сурканов) Григорий Михайловичті Дейр-эз-Зора ауданында ұстаған.

Ростов депутаты Анатолий Котляров дон казагы Роман Заболотныйдың террористер қолынан қаза тапқанын мәлімдеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар