Бразилияның Минас-Жерайс штатында балабақша күзетшісі өзін және балалар орналасқан ғимаратты қасақана өртеген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме беріп хабарлайды.
Дамиан Соарес дус Сантос муниципалды балабақшада 2008 жылдан бастап жұмыс істеген. Алайда осы жылдың қыркүйек айында ол денсаулығына байланысты демалыс алған.
Қанды оқиға орын алған күні ер адам жұмыс басшылығына анықтама беру үшін келген. Алайда оның орнына өзін және бірнеше балаға спирт шашып өртеген. Құрбан болғандар 3 пен 6 жас аралығындағы балалар. Тағы 40 адам күйіп қалып зардап шекті, олардың 25-і ауруханада ауыр күйде екені белгілі болды. Жергілікті полиция қылмыстың себептерін анықтауға кірісті.
Пікір қалдыру