Тұратын жері жоқ қазақ студенті: Ағай, маған жатақхана қашан беріледі? Бір бөлмелі пәтер беретіндей болдыңыздар ғой.
Деканның орынбасары: Сіздер жоғары курстың студентісіздер. Сіздерге орын жетпей жатыр. Сіздер тұрмақ енді ғана келген кейбір 1 курс студенттері де әлі жатақхана алмады.
Тұратын жері жоқ қазақ студенті: Ағай, жатақханада бос орын барын ұзынқұлақтардан естіп келіп отырмын. 9 қабатты жатақханадан орын табылмағаны ма?
Деканның орынбасары: Орын бары бар ғой. Бірақ жақында біздің жатақханаға жақында қытайлар келеді. Сен айтып отырған бос орын соларға арналған. Олар біздің қазақ студенттерінің де жағдайын жасап отыр. Сондықтан біз де қонақжайлық танытып, оларға орын дайындап қоюымыз керек. Олар Қытайдан келіп қайда тұрады енді?
Тұратын жері жоқ қазақ студенті: Қазақтан қытайды артық көрген «қонақжайлығыңызға» болайын...
Қазақтың жерін қытай қаптағалы қашан?! Қазіргі кезде Қазақстанда қытайлардың дәурені жүріп тұр десек те артық айтпайтын шығармын. Мен қазір қытайлардың Қазақстанда нан тауып, қазақтардан көп жалақы алатынын емес, еліміздегі Ұлттық университеттің қазақ студенттеріне қарағанда қытай студенттерін көбірек ойлап, жағдай жасауы толғандырады.
Биыл ҚазҰУ-ға түскен студенттердің саны былтырға қарағанда едәуір көп болды. Әрине атағы жер жарып тұрған ҚазҰУ-да оқуды армандап келіп, студенттік өмірдің қызығы мен шыжығына қызыққан жастардың саны көп. Алайда студенттерді қабылдай алған университет, жатақхана туралы мәселені әлі шеше алмапты. Талай студенттер қайда барарын білмей, алыс ағайынның үйін жағалап, сол жандардың қас-қабағына қарап жүр. Талай қаракөз қыздар түннің бір уағында көшеде қайда барарын білмей жүрді. Қаракөз қазақты жатақханаға сыйғызбаған қазақ 9 қабатты жатақхананың бірнеше бөлмесін қытай азаматына арнап сақтап қойғанын естігенімде, қаным басыма шапқаны рас. Осы жылы Қытайдан көптеген студенттер келді. Бірақ қазақтың аузынан жырып, далаға қаңғытып, айдаладан келген қытайға орын дайындап, әспеттеп күтіп алатын қазақ осы қонақжайлығын қашан қояр екен?!
Иә, Қытайға барған студенттерге қытайлардың да жағдай жасайтыны рас. Алайда Қытай елінде оқығысы келген студент алдымен қытай тілін 1 жыл үйрену керек. Содан кейін қытай тілінен емтихан тапсырып, емтиханнан өткеннен кейін ғана өз мамандығы бойынша білім ала бастайды. Сонымен бірге Қытай елі қазіргі кезде қазақ тіліне көбірек көңіл бөліп жатыр. Қазақстаннан білікті тіл мамандарын Қытайға шақырып, жағдайын жасап, жалақысын беріп, қатайларға қазақ тілін үйренуіне мүмкіндік жасауда. Құрт-құмырсқа жеп, тып-тыныш жатқан қытай неліктен қазақ тіліне құштар бола қалды? Бұның астарында да саясат барын неге аңқау қазақ түсінбей келеді? Олар белгілі бір астыртын саясат арқылы Қытайдағы қазақ жастарына керемет жағдай жасауда. Ал біз ше? Қандай саясатпен қазақ студентінен гөрі қытай студентіне жанашыр болып отырмыз? Елімізде жүріп ақша тауып, қазақ қызына сұқтанып, әйелдікке алғысы келіп, "мен қазақша үйренбеймін әйеліме қытайша үйретемін",- дегендері аз болғандай, қазақ студентіне тиесілі жатақхана бөлмесін қытайлардың «тартып» алуы да біздің керемет «қонақжайлығымыздың» кесірі. Бүгін ақырындап келе бастаған қытай ертең көбейіп келешек ұрпақты басқармасына кім кепілдік бере алады?! Қазақ халқы ежелден басқа ұлттан емес, қара қытайдан бостан босқа қауіптенбеген шығар.
Білемін ҚазҰУ-да көптеген ұлт өкілдері білім алады. Оған менің ешқандай қарсылығым жоқ. Алайда өзге ұлттың жағдайынан өз қаракөздеріміздің жағдайы маңызды ғой. Неге қазақ қазаққа жаны ашымайды? Неге қазақ қазақты жақын тартпайды? Өзге ұлттың әсіресе құрт-құмырсқаны азық еткен қара қытайдың біздің елге тигізер ешқандай пайдасынан гөрі зияны шаш етектен. Қазақтың нанын қазақтан жырып, қытайға беріп, қазақты далада қаңғытып, қытайға жылы төсек беріп «қонақжай ел» болмай-ақ қойдық. Бұл атадан мирасқа қалған біздің жеріміз, қазақтың жері және бұл жердің иесі де, қожасы да қазақ! Өзге ұлтты елді, жерді, тілді, жалпы айтқанда, қазақты сыйласа ғана сыйдырамыз. Бүгін бәріне тыныш қарап жатқан қазақ жастарының шыдамы таусылар шағы келер. Сол кезде биліктегі қазақ ашынған қазақты ауыздықтай алмай жатпасын...
Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру