Күйеу жігіт той үстінде қалыңдығының масқарасын шығарды (фото)

/uploads/thumbnail/20171007103535584_small.png

Опасыздық жасаған қалыңдық өтірігі шығып қалып өз тойынан қашып кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы  ridus.ru хабарлайды.

Күйеу жігіт той үстінде романтикалық видео көрсетіп жатқан. Бейнежазбада әу баста екі жастың сүйіспеншілікке толы фото суреттері әуен сүйемелдеуімен көрсетілген. Бір сәтте бұл суреттер қалыңдықтың басқа еркекпен тұрған суреттерімен ауысқан кезде барлық қонақтар абдырап қалған. Қонақүй нөмірінде өзге еркекпен кетіп бара жатқаны бейнеленген видеода қалыңдықтың опасыздық жасағаны көрініп қалған.

Абыройы айрандай төгілген қалыңдық салтанат залынан көз жасын көлдей қылып қашып шыққан.

т

Белгілі болғандай, Сингапурлық бизнесмен тойға дейін бірнеше ай бұрын қалыңдығының қаншалықты адал екенін тексеріп көрмекші болған.

Осыған байланысты қызды тексеру үшін детектив жалдаған. Детектив қыздың немен шұғылданғаны бейнеленген видео жазбаны көрсеткенде, оның белгісіз еркекпен қонақүйге барғаны белгілі болған. Алайда, жігіт тойды өткізуден бас тартудың орнына керісінше тойға дайындықты бұзбай, тіпті видеодағы ер адамды тойға шақырып оны қыздың әке-шешесінің қасына отырғызып қойған екен. Әрине, қалыңдық мұның бәрін тек соңында білген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар