Сіз қашан да музыка тыңдағанда денеңіздегі шаш талшықтары тұрып кеткен кезді есіңізге ала аласыз ба?
Метью Сашс есімді Гарвард университетінің түлегі өткен жылы музыка тыңдап отырған адамдардың қандай сезімде болатындығын зерттеді, -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тәжірибеге 20 студент қатысып, оның 10-ы музыка тыңдағанда ерекше күйге бөленіп, денелері түршігетінін айтқан. Сондықтан, ғалым олардың миларын сканерге түсірді.
Ол музыкаға эмоционалды және физикалық тұрғыда байланған адамдардың ми құрылысы - ешқандай эмоция білдірмегендердің миына қарағанда өзгеше екендігін анықтаған.
Зерттеулер көрсеткендей, ерекше ми құрылысына ие адамдар өздерінің есту қабығын және эмоцияларды өңдейтін аймақтарды байланыстыратын талшықтардың тығыздығын арттыруға бейім. Сондықтан ол екі мүше бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орната алады.
Сашс-тың зерттеу нәтижесі «Оксфорд Академик» ғылыми журналына жарық көрді.
Журналдан мынадай үзінді келтірейік: «Есту мүшесі мен эмоцияларды өңдейтін аймақтардың арасындағы талшықтар өнімділігін жоғарылатудың арқасында тиімді өңдеуден өтеді».
Бұл мәлімдемеге сәйкес, егер музыка сіздің көңіл-күйіңізге әсер ете алса, онда сіз өте мықты емоциялық қасиетке иесіз.
Оған қоса, ол сезімдердің болуы музыкамен байланысты есте қалған сәттермен тығыз байланысты.
Тәжірибе жасалған адамдардың саны аз болғанмен, Сашс әлі де бұл жаңалығын әрі қарай зерттемек ойы бар. Оның пікірінше, бұл зерттеу психологиялық ауытқулары бар жандарды емдеуге септігін тигізеді.
Пікір қалдыру