Қазақстандық боксшы - Бобыржан Момынов (3-0, 3 КО) Буэнос-Айрестегі (Аргентина) бокс кеші аясында өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бобыржан Моминовтың қарсыласы - жартылай орта салмақтағы жергілікті боксшы Леонардо Фабио Амитрано (9-1, 5 КО) болды.
Жекпе-жек алтыншы раундта Момыновтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшы өз қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен. Бұл қазақстандық үшін кәсіби бокстағы қатарынан төртінші жеңісі, ал аргентиналық өз спорттық жолында екінші рет жеңіліс тауып отыр.
Пікір қалдыру