Қытайдың Үрімжі қаласында тұратын өнертапқыш қазақ жастары бала тәрбиесінде таптырмас құралға айналар «Бала-бала» атты жаңа ойыншықты жасап шығарды. Бұл ойыншықтың ерекшелігі сол – құрылғы таза қазақы тілде балаңызға әңгімелер, ән мен күй, ертегі айтып бермек.
Демек балаңыз бірден өзіне ұнаған әңгімені немесе ертегіні қайта-қайта тыңдау арқылы оны жаттап алады. Тіпті тілі жаңа шығып жатқан балалардың дұрыс қалыптасуына, ой-өресінің толық жетілуіне бұл ойыншықтың тигізер пайдасы орасан болмақ, – дейді жоба авторлары.
Меллат Сейфоллаұлы, жоба жетекшісі:
– Қазір бәріміз қалалық боп барамыз, оны жасырудың қажеті жоқ. Біздің балаларымызға ертегі айтып, әңгіме оқып беруге, ән салдыруға уақытымыз да жоқ, жұмысымыздың ыңғайы да келмейді. Сонда да оларды ұлттық тамырдан ажыратып алуға болмайды. Біз осы мақсатты көздеп, қазақ баласы күні бойына теледидарға үңіліп, ондағы небір қулық пен сұмдықты талғаусыз өз бойына қабылдай бермесі үшін балдырғандардың бойына ұлттық рухани қорғаныш иммунитетін қалыптастыруды көздейтін ойыншықты жасадық. Елге ұнап, кәдеге асып жатса, қазақтың оғлан ұлдары осындай тәлімге тербеліп өссе мақсатымызға жеткеніміз. Ән-ертекпен айтылатын тәлімі, Оны тыңдар болашақтың ғалымы. Әр сәбидің қолдарында болса екен, Адырнаның «бала-бала» дабылы, – демекші, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, балдырғандар үшін арнайы әзірленген жаңа тарту «бала-бала» дабылы ұлт мұратын шыңдайтын болашақ ғалымдардың ақыл-ойының ерте жетілуіне көмегі зор. Әңгіме, балалар әні, ертегі қатарлы мазмұндармен өскен ұрпақ әрқашан ұлт мүддесін өзіне ұстын етпек. Әне солар нағыз ұлт жанашыры, кемеңгер ойшылдардан саналмақ. Бұл реткі балдырғандарға арнайы әзірленген дабыл заласыз материалдармен құрастырылып, құрылымы жағынан мемлекеттік өлшемге сайма-сай. Жаңа заманауи технологялық өнім сатылымға шықты. "Алаш айнасы"
Пікір қалдыру