Сауал: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекте тұрмыз. Ол бойынша кезекті жылжыту үшін отбасындағы бала санын балға шағып есептейді екен. Осының жайын түсіндіріп бере аласыздар ма?
Жауап: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуды реттеуді жергілікті атқарушы органдар реттейді. Сондықтан барлық сұрақтарға толық жауапты сол жақта ніхдегенің жөн. Дегенмен, қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып, баспана кезегін жылжыту үшін қолданылатын балдық жүйе туралы мына ақпаратты айта кетпекпіз: Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу үшін төлем қабілетін растаған өтініш берушілерді іріктеуді атқарушы орган балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) жүргізеді. 1) тіркелген некенің әрбір жылы үшін 5 балл; 2) тұңғыш бала үшін 20 балл, екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл; 3) мүгедек болып табылатын және Қазақ¬стан Республикасының Үкіметі бекіткен созыл-малы аурулардың кейбір ауыр түрлері¬мен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін - 10 балл; 4) мемлекеттік бағдарламалар шең¬берінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізі-міне қосылмаған үміткерлер үшін қосымша 5 балл. Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезегін жинаған балдың саны анықтайды
“Қамшы”сілтейді
Пікір қалдыру