Семейде 38 жастағы әйелді пышақтап кетті

/uploads/thumbnail/20170708160939670_small.jpg

Семейде ауыр қылмыс орын алды. Қылмыскер 38 – жастағы әйелді пышақтап өлтірген. Қазіргі кезде күдікті құрықталып уақытша қамау изоляторында жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Трагедиялық жағдай қала маңындағы саяжайда орын алған. Ішімдікке қызған жігіт өзіне тұрмысқа шығуғуа ұсыныс жасаған әйелдің теріс жауабына наразы болып пышақ ала жүгірген. Мұны көрген 11 жастағы бала арашаға түспек болғанда баланың мойнын пышақпен орып жібереді. Содан кейін әйелге тап береді. Пышақтап жатып: «Балаң өлді, енді сені де өлтірем!»-деген көрінеді. Мұны хәл үстінде жатқан бала естіп қалған. Алғашқы соққыдан кейін баланы өлдіге санаған ол оған назаар ауармайды. Азамат үстіне қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізде болса 14-желтоқсан күні Хромтау қаласында 38-жастағы әке өзінің 11 жасар қызын балтамен шауып өлтіріп, әйелін ауыр жарақаттаған. Бұл жағдайдан кейін жігіт 5 қабаттан секіріп, қайтыс болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар