Қазақстандық бишілер Гран При иегері атанды

/uploads/thumbnail/20170708160937814_small.png

Қазақстандық бишілер Рауан Рақымжанов пен Мөлдір Қасымова Дубайда өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық Robin Good International Festival фестивалінде Гран При иегері атанды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Өнерлі жұп Гран При иегері атануымен қатар «Хореография» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленді. Аталмыш байқауға Қазақстандық жұп қос биді алып шыққан. «Пасадобль биімен бірінші орын алсақ, Самба биімен Гран-При жүлдегері болдық»,-дейді Мөлдір Қасымова.

Гран-При иегерлері Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері. Халықаралық жарыстарға аталмыш білім ордасының «Хареография педогогкикасы» кафедрасының доценті Татьяна Терехованың жетекшілігімен шығып жүр. Рауан Рақымжанов спорттық би түрінен спорт шеберлігіне кандидат екен.

Robin Good International Festival жыл сайын БАӘ тәуелсіздік күніне орай өткізіледі. Тек қана би емес мұнда театралды қойылымдарға мен шертпе аспаптар мен вокалға арналған номинациялар бар. Бұл бәсекеге Қазақстандықтардың бірінші мәрте қатысуы емес.

"Қамсы" сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар