2014 жылы 22-желтоқсан күні Алматы қаласы әкімінің фольклорлы-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблі өзінің жеке концерттік бағдарламасын өткізбекші. Салтанатты жиынның өтуіне Алматы қаласы мәдениет басқармасына қарасты «Алматы әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қолдау көрсетіп отыр.
Ұйымдастырушылар әсем ән мен тәтті күй сыйлайтын кеш бұрынғыдан өзгерек екенін айтады. Концерт бағдарламаның 1-бөлімінде көне музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен қазақтың бұрыннан келе жатқан ескі ән-күйлері орындалады. Ал 2-бөлімінде заманауи әлемге танымал джаз ырғақтағы шығармалар ұсынылады. Сондай-ақ, бұл концертке Ресейдің еңбек сіңірген артисі, Башқұрстанның халық артисі Рамиль Гайзуллин, Қырғыз елінен келген қонағымыз Бақытбек Шөтенов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының әншісі Майра Мұхаммедқызы, Президент Степендианты, Қазақстан Жастар Серпер сыйлығының иегері Тамара Асар және «Қазына» вокалдық тобы қатысады. Концертті ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақан Абдуалиев жүргізіп, әсем әнмен қатар салмақты ойлар да айтылмақ.
Келем деушілерге есік ашық! Болатын жері: Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның Үлкен залы Өтетін уақыты:18.00 БАҚ қызметкерлерін осы шара туралы ақпарат таратуға шақырамыз.
Өзге де сұрақтар бойынша баспасөз орталығына хабарласуларыңызға болады: 267-61-94, 267-72-96, 87013157116
"Қамшы"сілтейді
Пікір қалдыру