Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапхана жабылғалы тұр

/uploads/thumbnail/20170708160947275_small.jpg

2015 жылы Жамбыл Жабаевтың 155 жылдық мерейтойы қарсаңында Киевтегі кітапхана жабыла ма?

Мерейтойға тосын сый.. Кітапхана директоры Татьяна Маркевичтің айтуынша кітапхананың жабылуына бірден бір себеп: қазақ авторлары кітаптарының аздығы мен компьютердің жоқтығы. Бұл – оқырмандар санының азаюуына да әкеп соқты. Сол себепті де кітапхана жабылғалы тұр.

Қазақты Украинаға танытқан.. "Кітапхана 1963 жылы қарашада ашылған болатын. Бұдан 20 жыл бұрын, Украина мемлекеті тәуелсіз болғанда, ақын шығармашылығына тәнті болған киевтіктер кітапхана атын қалдыруға ұсыныс жасады. Біздің кітапхана  қолдауға зәру. Қазіргі Украина еліндегі дағдарысты есепке алғанда, 2015 жылы бюджеттен мәдениет саласына бөлінетін қаржыдан дәмеленбей-ақ қою керек. Сондықтан кәсіпкерлер мен меценаттар  кітапханаға оқырман тартуға сеп болатын компьютер орталығын ашуға көмек береді деп үміттеніп отырмыз", - деді директор.

Оның айтуынша, осы заманғы компьютер орталығы украин оқырмандарына Қазақстан туралы, жалпы қазақ авторлары шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егер Жамбыл Жабаев атындағы кітапхананың электронды каталогы жасалса, оқырмандары да көбейе түседі деген сөз. Себебі Украинада кітапханаларға Интернетке тегін кіруге жағы қарастырылған. Мұнымен қатар, қазақстандық кітапханалармен әріптес болсақ деген ниеттеміз", - дейді Маркевич.

Қазіргі таңда кітапхананың 4 мың оқырманы бар, ал кітапханадағы 34 мың кітаптың 100 данасы ғана қазақ авторларына тиесілі. Олардың ішінде, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов және Оралхан Бөкейдің де біраз еңбектері бар. "2015 жылы Жамбыл Жабаевтың 155 жылдық үлкен мерейтойы. Бірақ бұл уақытқа дейін кітапхана жабылып қалуы мүмкін", - деп дабыл қағады кітапхана директоры Маркевич.

Назерке Тоғжанова

Дереккөз: tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар