Елбасы сұхбатынан: Әлемдік дағдарысты еңсеру үшін бізде қор жеткілікті

/uploads/thumbnail/20170708160948957_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық жетекші телеарна өкілдеріне берген бүгінгі сұхбатында әлемде орын алған дағдарысқа қарамастан әлеуметтік төлемдер, зейнетақы,бюджет қызметкерлері жалақылары қысқартылмайтындығын жеткізді. Сондай-ақ Елбасы «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты аясында инфрақұрылымға аса мән берілетіндігін  атап айтты. Яғни, бұл бағдарлама бойынша орта және шағын бизнесті дамыту қажет. Ендігі жерде Отандық тауар шығару мәселесі түбегейлі қолға алынып, импорт жағы бұдан былай жіті қадағаланбақ. Әсіресе, бұл көрші Ресей мемлекетінен келер тауар айналымына қатысты. Рубльдің құлдырауы Ресей экономикасына біраз әсерін тигізді. Осыған орай сатылар тауар бағасы да біраз төмендеді, арзанға қызыққандар Ресейден тауар тасып әлек. Алайда Кедендік Одақ ережесіне сай, Қазақстанға шеттен келер тауар санын шектеу қажет, өйткені бұ жағдай еліміздегі тауар өндірісіне кері ықпалын тигізеді деп келтірді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал бүгінгі таңдағы әлемде етек алған дағдарыс уақытша құбылыс. Орайы келіп, ол да өтеді де кетеді. Байбаламға салып, құр дүрлүгудің қажеті жоқ. Дағдарысты еңсеру үшін біздің елде қор жеткілікті. Ресейге салынған санкциялар елімізге ешқалай әсер етпейді.

" Алайда, Ресейдегі тауар бағаларының төмендеуі отандық бизнеске кері әсерін тигізбеуін басты назарда ұстаймыз"- деп сендірді Елбасы.

Назерке Тоғжанова

http://youtu.be/6t6gcS-B30A

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар