Найзағай соққысынан 12 адам жарақат алды

/uploads/thumbnail/20170708161003742_small.jpg

АҚШ-тың Флорида штаты Тампа қаласында найзағай соққысынан 12 адам жараланған. Оқиға жергілікті футбол стадионының маңында орын алған. Жарақат алғандарға дәрігерлік көмек көрсетілді. Тек бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы шет елдік БАҚ жазады.

Оқиға 21 желтоқсан күні түнде болған. Жай оты жергілікті футбол стадионының жанындағы автокөлік тұағына түскен. Бұл кезде жанкүйерлер футбол ойынын тамашалап отырған.

ABC агенттігінің мәлметінше жарақат алғандардың саны 11. Ешқандай жанкүйер ауыр жараланбаған. Жарақат алғандардың жасы ең кішісі 20 да болса, үлкені 70 жаста екен.

Қатысты Мақалалар