Бірде астық ( цесна) банктен қазақша қағаз талап еткем. Олар "біз мемлекетке бағынбайтын коорпорациямыз" деді. "Осы сөзіңе жауап бересің бе" дедім де, сол кездегі тілдерді дамыту бойынша Астана каласындағ Оразгүл апама тіке хабарластым. Заң бойынша Қазақстан аумағында кез-келген қазақстандық мемлекеттік тілде талап ету құқығы бар деді. Трупканы койдым да "сіздің мемлекетке бағынбаймыз деген созіңіз үшін арызданам" дедім қарсы алдымдағы кызға. Ол акімшілік бастығын шақырып үлгеріпті. Қазақша қағаз қолыма тиді. Сонда жаңағы бастықтың айтқан уәжі: Бұл ешкімге керек емес. Сұрамайды да. Сосын распичаткадан көп шығармаймыз. Шығарғанымыз складта жатады деді. Уажін тыңдамауға амал жок, ұялып қалдым. Сонда да сұрайтын мен секілді адамдар келеді деп ойламадыңыз ба дедім қатуланып. Қабиден Қуанышбайұлының ФБ парақшасынан